Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    46 727 964,9 млн.
    2023 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (алдын ала деректер бойынша) 46 727 964,9 млн.теңгені құрады.
    5,1%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1%-ға өсті.
    103 417,1 млн.
    ҚР ҰБ орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 103 417,1 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2023 жылы қаңтар-маусымда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 4,8%, 4,9% және 7% құрады.

    2023 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
    Ағымдағы бағаларда, млн.теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 46 727 964,9 105,1 111,4 100,0
    Тауарлар өндіру 17 256 175,2 104,8 101,2 36,9
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 1 179 614,1 103,2 103,0 2,5
    Өнеркәсіп 13 752 575,5 103,8 100,6 29,4
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 6 698 661,4 103,7 94,1 14,3
    Өңдеу өнеркәсібі 6 180 529,3 103,5 107,7 13,2
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 742 473,6 106,8 107,3 1,6
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 130 911,2 106,4 106,6 0,3
    Құрылыс 2 323 985,6 112,3 104,0 5,0
    Қызметтер өндіру 25 246 943,7 104,9 119,5 54,1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 7 377 473,1 110,4 117,9 15,8
    Көлік жәнежинақтау 2 764 050,0 107,4 108,8 5,9
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 374 508,3 102,8 119,9 0,8
    Ақпарат және байланыс 835 097,1 108,8 102,2 1,8
    Қаржы және сақтандыру қызметі 1 885 867,6 100,5 132,6 4,0
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 3 429 743,2 101,5 131,3 7,3
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 1 818 048,6 102,6 124,0 3,9
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 958 093,9 100,4 125,2 2,2
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 1 039 819,0 103,0 115,5 2,2
    Білім беру 2 165 347,6 102,1 115,8 4,6
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 1 148 074,9 101,3 118,6 2,5
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 325 429,0 95,7 115,3 0,7
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 1 091 197,5 100,2 124,3 2,3
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 34 193,9 101,3 117,8 0,1
    Жалпы қосылған құн 42 503 118,9 103,3 111,4 91,0
    Өнімдерге салынатын салықтар 4 224 846,0 107,0 112,4 9,0

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 36,9% және 54,1% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 29,4% алып отыр.

    2023 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ құрылымы
    2023ж. қаңтар-маусым
    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1%-ға өсті. Құрылыс (12,3%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (10,4%), Ақпарат және байланыс (8,8%), Көлік және жинақтау (7,4%), Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (6,8%) Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (6,4%), салалары ең көп өсімді көрсетті.

    2023 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ-ге негізгі салалардың қосқан үлесі, п.т.
    2023ж. қаңтар-маусым

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).

    2021 жылғы 2 тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жалпы ішкі өнімнің НҚИ динамикасы
    2023ж. қаңтар-маусым
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 95 27
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, С.О. Кішкенінова,
    Ғ.О. Төребеков
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    s.kishkeninova@aspire.gov.kz
    g.torebekov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші