Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    75 252 222,1 млн.
    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (алдын ала деректер бойынша) 75252222,1 млн. теңгені құрады.
    4,7%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 4,7%-ға өсті.
    166 160 млн.
    ҚР ҰБ орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 166160 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2023 жылы қаңтар-қыркүйекте өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 3,7%, 5,1% және 7,4% құрады.

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндіріс әдісімен ЖІӨ
    Ағымдағы бағаларда, млн. теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 75 252 222,1 104,7 110,8 100,0
    Тауарлар өндіру 27 962 561,8 103,7 98,6 37,1
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 3 094 899,2 90,1 101,1 4,1
    Өнеркәсіп 20 850 546,0 104,4 97,3 27,7
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 10 120 662,9 105,4 91,9 13,4
    Өңдеу өнеркәсібі 9 411 738,5 103,2 102,1 12,5
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 117 773,2 105,1 109,1 1,5
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 200 371,4 105,6 108,1 0,3
    Құрылыс 4 017 116,6 112,6 103,8 5,3
    Қызметтер өндіру 40 768 508,0 105,1 121,6 54,2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 11 885 659,8 110,0 116,1 15,8
    Көлік жәнежинақтау 4 136 580,4 107,0 122,8 5,5
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 577 032,7 106,3 117,8 0,8
    Ақпарат және байланыс 1 429 600,5 108,4 113,7 1,9
    Қаржы және сақтандыру қызметі 2 837 503,2 101,4 122,5 3,8
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 5 880 233,2 102,4 129,6 7,8
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 2 487 569,4 102,7 125,1 3,3
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 1 568 010,0 100,4 126,9 2,1
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 1 548 658,3 102,6 112,6 2,1
    Білім беру 3 688 949,5 102,0 126,5 4,9
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 1 939 595,9 101,5 122,8 2,6
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 550 413,9 100,4 121,8 0,7
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 2 184 988,1 102,4 127,0 2,8
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 53 713,1 101,1 116,1 0,1
    Жалпы қосылған құн 68 731 069,8 104,5 111,1 91,3
    Өнімдерге салынатын салықтар 6 521 152,3 107,4 108,2 8,7

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 37,1% және 54,2% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 27,7% алып отыр.

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ құрылымы
    2023ж. қаңтар-қыркүйек (алдын ала деректер бойынша)
    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 4,7%-ға өсті. Құрылыс (12,6%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (10%), Ақпарат және байланыс (8,4%), Көлік және жинақтау (7%), Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (5,6%) салалары ең көп өсімді көрсетті.

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЖІӨ-ге негізгі салалардың қосқан үлесі, п.т.
    2023ж. қаңтар-қыркүйек (алдын ала деректер бойынша)

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).

    2021 жылғы ІІ тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жалпы ішкі өнімнің НҚИ динамикасы
    2023ж. қаңтар-қыркүйек (алдын ала деректер бойынша)
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 95 27
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, С.О. Кішкенінова,
    И.Қ.Баймұратова
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    s.kishkeninova@aspire.gov.kz
    in.baimuratova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші