Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    47244671,5 млн.
    2023 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (есепті деректер бойынша) 47244671,5 млн.теңгені құрады.
    5,3%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,3%-ға өсті.
    104560,6 млн.
    ҚР ҰБ орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 104560,6 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2023 жылы қаңтар-маусымда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 4,8%, 5,5% және 7% құрады.

    2023 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағаларда, млн.теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 47 244 671,5 105,3 112,7 100,0
    Тауарлар өндіру 17 456 038,1 104,8 102,4 37,1
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 1 276 262,0 103,2 111,5 2,8
    Өнеркәсіп 13 854 450,8 103,8 101,4 29,4
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 6 786 106,0 103,7 95,3 14,4
    Өңдеу өнеркәсібі 6 182 096,6 103,4 107,8 13,1
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 755 196,9 106,8 109,2 1,6
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 131 051,3 106,4 106,7 0,3
    Құрылыс 2 325 325,3 112,3 104,1 4,9
    Қызметтер өндіру 25 563 787,2 105,5 121,1 54,0
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 7 379 424,0 110,4 117,9 15,6
    Көлік жәнежинақтау 2 767 909,5 107,4 114,9 5,9
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 377 404,1 106,3 116,8 0,8
    Ақпарат және байланыс 978 405,7 115,6 112,8 2,1
    Қаржы және сақтандыру қызметі 1 885 914,3 101,3 131,6 4,0
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 3 525 276,9 102,4 133,7 7,5
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 1 821 854,1 102,7 124,2 3,8
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 966 491,6 100,4 126,3 1,9
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 1 039 819,0 103,0 115,5 2,2
    Білім беру 2 186 669,0 102,1 117,0 4,6
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 1 149 391,9 101,3 118,8 2,5
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 349 180,5 100,4 117,9 0,7
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 1 101 779,8 101,0 124,5 2,3
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 34 266,8 101,5 117,8 0,1
    Жалпы қосылған құн 43 019 825,3 105,2 112,8 91,1
    Өнімдерге салынатын салықтар 4 224 846,2 107,0 112,4 8,9

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 37,1% және 54,0% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 29,4% алып отыр.

    2023 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ құрылымы
    2023ж. қаңтар-маусым
    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,3%-ға өсті. Ақпарат және байланыс (15,6%), Құрылыс (12,3%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (10,4%), Көлік және жинақтау (7,4%), Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (6,8%) Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (6,4%), салалары ең көп өсімді көрсетті.

    2023 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ-ге негізгі салалардың қосқан үлесі, п.т.
    2023ж. қаңтар-маусым

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).

    2021 жылғы 2 тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жалпы ішкі өнімнің НҚИ динамикасы
    2023ж. қаңтар-маусым
    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2022 жылы (есепті деректер бойынша) жан басына шаққандағы ЖІӨ 11476,6 АҚШ долларын құрады.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасы
    2023ж. қаңтар-маусым
    Динамикалық кестелер:
    Бақыланбайтын экономика

    2022 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ деңгейі 0,97%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 18,78% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі - 1,15%.

    Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (3,14%), Құрылыс (2,64% )және Көлік және қоймалау (2,54%), ең аз үлесін Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,04%),Өнер, ойын-сауық және демалыс(0,07%),Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (0,14%) салалары алды.

    Бақыланбайтын экономика динамикасы
    ЖІӨ-ден пайызбен
    2018 2019 2020 2021 2022
    Тауарлар өндіру 6,90 5,65 5,19 6,26 7,01
    Қызметтер өндіру 20,12 18,04 15,04 13,49 11,77
    Барлығы 27,02 23,69 20,23 19,75 18,78
    Динамикалық кестелер:
    Еңбек өнімділігі

    2022 жылы жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 10 083,2 мың теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 1,3% өсуін көрсетті.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Қ.Торғауытова
    Тел. +7 7172 74 91 75
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, С.О. Кішкенінова,
    И.К.Баймуратова
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    s.kishkeninova@aspire.gov.kz
    in.baimuratova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші