Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    23 582 637,0
    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі есептік деректер бойынша 23582637,0 млн.теңгені құрады.
    27,7
    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ құрылымында еңбек ақы төлеу 27,7% құрады, өндіріске және импортқа салынатын салықтар – 10,6% және негізгі үлес жалпы пайда/жалпы аралас табысқа келеді – 61,7%.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек ақы төлеу құрылымында ең көп үлесті Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (17,20%), Білім беру (13,27%), Өңдеу өнеркәсібі (11,54%).

    Еңбек ақы төлеу құрылымындағы ең аз үлесті Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі (0,17%), Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,52%), Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету (1,13%) құрды.

    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы табыстар әдісімен ЖІӨ*
    Ағымдағы бағамен, млн. теңге Қорытындыға пайызбен
    Жалпы ішкі өнім 23 582 637,0 100,0
    Еңбек ақы төлеу 6 539 814,7 27,7
    Өндіріске және импортқа салынатын салықтар 2 511 442,1 10,6
    соның ішінде:
    өнімдерге салынатын салықтар 2 103 666,6 8,9
    өндіріске салынатын басқа да салықтар 407 775,5 1,7
    Жалпыпайда/жалпы аралас табыс 14 531 380,2 61,7
    негізгі капиталды тұтыну (-) 2 194 409,2 9,3
    таза пайда/таза аралас табыс 12 336 971,0 52,4

    * Табыс көздері бойынша ЖІӨ-ні есептеу үшін баланстық әдіс қолданылады.

    Табыстар әдісімен ЖІӨ құрылымы
    2023ж. қаңтар-наурыз
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Қызметкерлерге еңбекақы төлеу - жұмыс берушінің қызметкерлерге олардың есепті кезеңде орындаған жұмысына ақшалай жəне/немесе заттай нысанда төлеген барлық сыйақыларының сомасы.

    Өнімдерге салынған салықтарға мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтар кіреді.

    Өндіріске салынатын басқа да салықтар өнімге салынатын салықтардан басқа, өндіруші бірліктердің өндіруге немесе өндіру факторларын пайдалануына байланысты оларға салынатын барлық салықтардан тұрады. Мұндай салықтардың мөлшері өндірістің көлемі мен рентабельділігіне тікелей байланысты емес.

    Негізгі капиталды тұтыну есепті кезең ішінде оның физикалық және моральдық тозуы мен кездейсоқ бүлінуінің нәтижесінде негізгі капитал құнының азаюын көрсетеді.

    Экономиканың жалпы (таза) пайдасы қосылған құнның қызметкерлер еңбекақысын төлеуге және өндіріске салынатын салықтарды төлеуге байланысты шығыстарды шегергеннен кейін өндірушілерде қалатын бөлігі. «Жалпы» немесе «таза» термині бұл жағдайда осы көрсеткіш өндіріс процесінде негізгі капиталды тұтынуды қосатынын немесе қоспайтынын көрсетеді.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Табыстар әдісімен алынатын Жалпы ішкі өнім оның құрылымын бастапқы табыстар: жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы, өндіріс және импортқа салынатын таза салықтар, пайда және аралас табыс негізінде анықтайды.


    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Торғауытова
    Тел. +7 7172 74 95 27
    Орындаушы:
    А. Ермағамбетова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail:a.ermagambetova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші