Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    23 582 637,0млн.
    2023 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 23 582 637,0 млн.теңгені құрап және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлемінің өзгеру қарқыны 5,0% жоғарлады.
    13,9%
    ЖӨӨ-нің жоғары өсім қарқыныАлматы қаласында (13,9%) және Ұлытау (13,0%),Жетісу (11,4%) облыстарында байқалады.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2023 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ құрылымында ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы– 20,2%, ең аз үлесті Жетісу облысы - 1,3% құрайды.

    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы жалпы өңірлік өнім
      Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖӨӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың. теңге жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 23 582 637,0 100,0 105,0 1 191,1 х
    Абай 568 022,1 2,4 110,6 930,9 12
    Ақмола 687 254,4 2,9 109,1 871,8 13
    Ақтөбе 940 845,7 4,0 97,9 1 012,0 11
    Алматы 1 020 992,7 4,3 105,0 676,5 15
    Атырау 3 329 920,8 14,1 100,4 4 793,4 1
    Батыс Қазақстан 897 727,1 3,8 101,5 1 303,2 7
    Жамбыл 548 989,3 2,3 101,4 450,2 19
    Жетісу 314 821,3 1,3 111,4 450,5 18
    Қарағанды 1 629 457,8 6,9 98,4 1 435,4 5
    Қостанай 877 167,7 3,7 104,5 1 054,2 10
    Қызылорда 535 626,1 2,3 101,7 641,4 16
    Маңғыстау 824 518,8 3,5 105,0 1 070,9 9
    Павлодар 892 134,7 3,8 103,0 1 181,5 8
    Солтүстік Қазақстан 404 716,5 1,8 109,7 758,3 14
    Түркістан 785 350,7 3,3 100,7 369,9 20
    Ұлытау 413 954,7 1,8 113,0 1 868,4 3
    Шығыс Қазақстан 1 009 662,1 4,3 106,0 1 382,9 6
    Астана қаласы 2 425 853,8 10,3 103,2 1 782,7 4
    Алматы қаласы 4 775 468,6 20,2 113,9 2 202,3 2
    Шымкент қаласы 700 152,1 3,0 106,5 585,8 17

    Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша алғашқы қатарды Атырау облысы (4793,4 мың теңге), Алматы қаласы (2202,3 мың теңге) және Ұлытау облысы (1868,4 мың теңге) алады және соңғы қатарды Жетісу (450,5 мың теңге), Жамбыл (450,2 мың теңге) және Түркістан (369,9 мың теңге) облыстары алады.

    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім
    мың. теңге
    2023ж. қаңтар-наурыз

    ЖІӨ-ге ең үлкен үлес Алматы қаласында (2,51 п.т.),Астана қаласында (0,33 п.т.) және Шығыс Қазақстан облысында (0,25 п.т.) байқалады.

    Еңбек өнімділігі

    2023 жылғы қаңтар-наурыздажалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 2188,2 мың теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты мәнде 2,7%-ға өскенін көрсетті.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесіндетүрленетіннемесетүгелдейтұтынылатынтауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова
    Ә.Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: .suleimenova@aspire.gov.kz
    E-mail: a.kabylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші