Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 101,1 % құрады
17.01.2023
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 101,1 % құрады

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 48 007 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 24 644 млрд теңге (жалпы көлемнен 51,3%), өңдеу өнеркәсібінде – 20 697 млрд теңге (43,1%).

Шикі мұнайды (98,1%), табиғи газ (99%) бен темір кені (79,4%)  салаларында өндіру көрсеткішінің азаюына байланысты 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 99%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 3,4%-ға ұлғайды. Сусындар (111,2%), темекі өнімдері (107,9%), мұнай өңдеу өнімдері (101,8%), химия өнеркәсібінің өнімдері (110,2%), резеңке және пластмасса бұйымдары (102,1%), негізгі асыл және түсті металдар (105,5%), автокөлік құралдарының (119,1%) өндірісі өсті.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Ақмола (13,4%), Жамбыл (10,2%), Абай (9,7%) облыстарында және Алматы қаласында (9,6%) байқалды. Төмендеу Түркістан (6,3% - ға), Қостанай (5,5% - ға), , Атырау (2,1% - ға), Қызылорда (1,8% - ға,) Батыс Қазақстан (1% - ға), және Павлодар (0,5% - ға) облыстарында тіркелді.

Өнеркәсіптік өндіріс индекстері

2021 жылға пайызбен


               2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі


Өндірілгені

2021 жылға

 пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн тонна

84,1

98,1

мыс кендері, млн тонна

136,2

110,2

ұн, млн тонна

3,3

110,2

бензин, млн тонна

5,0

103,1

тауарлық бетон, млн тонна

20,2

87,2

портландцемент, млн тонна

12,1

98,2

құрама құрылыс металл конструкциялары, мың тонна

75,5

85,8

электр энергиясы, млрд кВт/сағ.

113,8

98,9

  
Статистикалық бюллетеньді қарау

                                                                      

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші