Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
Хабарландырулар
03.01.2024
Хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» халыққа іріктеме зерттеуді тоқсан сайын өткізеді, бұл Астана қаласындағы тұрмыс деңгейіннің өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі.

Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.

Сіздердің жауаптарыңыз елдегі халықтың және өңірлер бойынша кедейшілік деңгейін, мемлекеттің және экономикалық саясатының тиімділігі туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласында дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады.

Байқауға қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды. Үй шаруашылықтары көше атаулары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Статистикалық тұрғын үй қоры тіркелімінен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынған болатын.

Қазақстан Республикасының Барлық өңірлерінен кездейсоқ таңдап алыгған 12 мың отбасынан 40 мыңнан аса адам осы зерттеуге қатысады.

Өтеулі қызмет көрсету шарты негізінде отбасыларға төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті салықтарды, жарналарды және басқа да төлемдерді есептен шығарып) төленеді.

Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сұрақнама сұрақтарына жауап беру үшін растайтын құжаттар талап етілмейді, біз Сіздердің сөздеріңізге сенеміз.

Сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды, сұрау нәтижелерінің нақтылығы Сіздің толық жауаптарыңызға байланысты.

Зерттеуді жүргізу үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы куәлігін көрсетеді. Оның келу уақытын статистика органдарынан нақты білуге болады. 

Сіз 32-18-99 байланыс телефондары арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.

 Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Онлайн кеңесші