Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
Хабарландырулар
21.06.2023
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті»  РММ 
2023 жылға жұмыспен қамту деңгейін бағалау бойынша Астана қаласында «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы»  статистикалық байқау жүргізу үшін интервьюерлерді (саны 1 адам) (өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдауды жариялайды.

Қызмет көрсету мерзімі: 2023 жылдың 01 шілдеден бастап 31 қаңтарға дейін.

Білім деңгейі бойынша талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік, жалпы орта білім.

Функционалдық мідеттері: Ротациялық үй шаруашылықтарының тізіміне сәйкес тұрғын үй-жайларды олардың бар болуы және тұру фактісі тұрғысынан алдын-ала аралау (листинг) бойынша қызметтер көрсету, респондентпен сауалнамаға келісім алуға байланыс орнату; оларға тікелей (жеке) бару арқылы статистикалық байқау жүргізу және алынған мәліметтерді статистикалық нысандарға жазу; статистикалық байқау қорытындылары бойынша толтырылған статистикалық нысанды Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы департаментіне тиісті есепті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген мерзімде ұсыну; сауалнама жүргізу туралы есеп бланкісін толтыру; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22 үй, 204 кабинет, анықтама телефоны: 8(7172) 31-62-72.

Өтініштер мен түйіндемелер s.turukpaeva@aspire.gov.kz электрондық мекен-жайға қабылданады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы 28 маусым.

Онлайн кеңесші