Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
Хабарландырулар
20.09.2023
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» (2023 жылғы 1 қазанмен 15 қараша аралығында) іріктеп зерттеу өткізу үшін 8 адам интервьюер қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз, жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіби орта) немесе жалпы орта білім.

Интервьюерлердің міндеттері:
1) сауал салуға келісімін алу үшін респондентпен байланыс орнату;
2) интервьюердің бағдар парағы бойынша респондентке бару арқылы статистикалық байқауларды жүргізу;
3) тиісті есепті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген мерзімде аумақтық органға статистикалық байқаулар қорытындылары бойынша толтырылған статистикалық нысанды ұсыну;
4) сауал салуды жүргізу туралы есеп бланкісін жасау;
5) бағдар парағын ұсыну.

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» РММ (010000 Астана қаласы, Желтоқсан көшесі 22, телефондары: 8(7172) 31-95-94, 31-62-53.)

Онлайн кеңесші