Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
Хабарландырулар
20.09.2023
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейін анықтау мақсаты болып табылатын іріктемелі зерттеуді өткізеді. Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылатынына кепілдік береміз. Сіздердің жауаптарыңыз тек жиынтық статистикалық бағалау үшін қолданылады. 

Зерттеуге қатысушы ретінде Сіз мүлде кездейсоқ таңдап алындыңыз, өйткені статистикалық дерекқорынан математикалық, кездейсоқ әдіспен жүргізілді. Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Біз пікіртерімге өзіңіздің бос уақытыңыздың бір бөлігін бөлетініңізді түсінеміз және Сізге зерттеуге көмектескеңіз үшін алғысымызды білдіреміз. 

Қойылған сұрақтарға толық және егжей-тегжейлі жауаптардың болуы зерттеу нәтижелерін бағалаудың анықтығын, құқық қорғау және сот жүйелерінің жұмысын жақсарту бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сауалнамалық пікіртерім жүргізу үшін 2023 жылғы 1 қазанмен 15 қараша аралығында Сізге жолығып, арнайы куәлігін көрсетіп интервьюер келеді. Оның келу уақытын статистика органдарынан нақты білуге болады. Сіз Департаментке байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыз. 

Телефондар: 32-82-05, 32-67-51.

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Онлайн кеңесші