Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Атырау облысы
Хабарландырулар
01.08.2023
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігі туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы                      іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» 2023 жылдың 11 мамырдағы                 №87 бұйрығын және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысының «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы                          17 мамырдағы №24-Ө бұйрығы негізінде а.ж. 14 тамызынан бастап -                     25 тамыз аралығында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін хабарлайды.

Ішкі талдау объектісі: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Атырау облысы бойынша департаменті.

Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылғы 1 қыркүйек – 2023 жылғы               31 шілде аралығы.

Ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (байланыс тел.: 8(7122) 32-72-28.).

Ішкі талдаудың негізгі бағыттары:

1)    Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)    Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3)    Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

4)    Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

5)    Бақылау функцияларды жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

6)    Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

7)    Қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Онлайн кеңесші