Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Атырау облысы
Хабарландырулар
15.08.2023
Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысының «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 17 мамырдағы №24-Ө бұйрығы негізінде а.ж. 14 тамызынан бастап - 25 тамыз аралығында өткізіліп жатқан Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері бойынша Жария талқылау а.ж. 21 тамызында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкілі –  Айнаш Гарипуллиновна Есжанованың Facebook әлеуметтік желісі парақсашсында https://www.facebook.com/profile.php?id=100039155301249 сілтемесінде тікелей эфир арқылы он-лайн режимінде өткізілетіндігін хабарлайды.

Аталған жария талқылауға үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Ішкі талдау объектісі: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Атырау облысы бойынша департаменті.

Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылғы 1 қыркүйек – 2023 жылғы 31 шілде аралығы.

Ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (байланыс тел.: 8(7122) 32-72-28.).

Ішкі талдаудың негізгі бағыттары:

1)    Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)    Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3)    Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

4)    Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

5)    Бақылау функцияларды жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

6)    Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

7)    Қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Онлайн кеңесші