Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қызылорда облысы
Хабарландырулар
26.09.2023
Хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ «Жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жинау туралы» А-005 (үш жылда бір рет) статистикалық байқауы бойынша іріктемелі зерттеу үшін сұхбат алушылар (өтемелі қызмет көрсету келісім шарты бойынша) қабылданатынын хабарлайды. 

Байқауды өткізу мерзімі 2023 жылдың  2 қарашасына (қоса алғанда) дейін.

Лауазымның міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялығын  сақтау.

Сіздердің өтініштеріңіз Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі,12, (каб 30) мекен жайына немесе i.tasybaeva@aspire.gov.kz  электрондық пошта бойынша ағымдағы жылдың 29 қыркүйегіне дейін қабылданады, анықтама телефоны: 8(7242) 27-47-91

 

Онлайн кеңесші