Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Синтетикалық деректер
Синтетикалық деректер тұжырымдамасының иллюстрациясы
Синтетикалық деректер дегеніміз не?

Синтетикалық деректер – бұл нақты деректерге негізделген алгоритмдер арқылы жасанды түрде жасалған және олардың үлгілері мен таралуын ескеретін, бірақ деректердің құпиялылығын ашпайтын деректер. Олар жалған көрсеткіштер болып табылады, олардың міндеті нақты деректердің мүмкін құрылымын көрсету болып табылады.

Біз оларды не үшін қалыптастырамыз және орналастырамыз?

Синтетикалық деректер шынайы деректерді тартпай гипотезалар мен тұжырымдамаларды эксперименттік тексеру мақсатында құрылады және қолданылады, сондай-ақ жүйелерді тестілеу, әртүрлі талдамалық кейстер бойынша қатысушылардың тапсырмаларын орындау мақсатында дататон іс-шараларын өткізу мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Синтетикалық түрде жасалған деректерді орналастыру соңғы пайдаланушыларға нақты деректер жиынтығының құрылымы туралы көрнекі түсінік беруге деген ұмтылысқа байланысты.

Қосымша ақпаратты қалай алуға болады?

Синтетикалық датасеттерінің үлгілерін төменде жүктеуге болады. Синтетикалық деректер туралы толық ақпарат алу үшін Ұлттық статистика бюросына (БНС) ресми сұрау жіберу ұсынылады. Синтетикалық деректердің техникалық құрамдас бөлігін түсіну үшін БҰҰ-ның синтетикалық деректерді құрастыру жөніндегі нұсқаулығымен келесі сілтеме бойынша танысуды ұсынамыз https://unece.org/statistics/publications/synthetic-data-official-statistics-starter-guide

Синтетикалық датасеттердің үлгілері
Онлайн кеңесші