Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    120 561 096,4 млн.
    2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (алдын ала деректер бойынша) 120561096,4 млн.теңгені құрады
    5,1%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1% ға өсті
    264 208,8 млн.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 264208,8 млн. АҚШ долларын құрады
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2023 жылы қаңтар-желтоқсанда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 3,8%, 5,8% және 7,9% құрады.

    2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
    Ағымдағы бағаларда, млн.теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 120 561 096,4 105,1 111,4 100,0
    Тауарлар өндіру 43 821 781,4 103,8 101,1 36,3
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 5 240 555,0 92,1 104,5 4,3
    Өнеркәсіп 31 927 792,3 104,2 99,3 26,5
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 15 519 395,6 104,6 97,5 12,9
    Өңдеу өнеркәсібі 14 543 670,8 104,1 100,3 12,1
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 601 676,5 101,8 108,3 1,3
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 263 049,4 101,9 103,8 0,2
    Құрылыс 6 653 434,1 113,3 107,7 5,5
    Қызметтер өндіру 67 898 144,3 105,8 119,3 56,4
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 21 741 986,2 111,3 114,6 18,0
    Көлік және жинақтау 6 679 382,8 107,1 112,1 5,6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 1 302 846,2 105,4 117,5 1,1
    Ақпарат және байланыс 2 493 470,2 107,5 109,9 2,1
    Қаржы және сақтандыру қызметі 3 644 912,4 101,4 113,4 2,9
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 9 021 239,7 103,4 129,5 7,5
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 4 285 995,0 102,6 121,9 3,6
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 2 802 467,5 100,9 125,2 2,4
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 2 248 364,8 102,4 112,0 1,9
    Білім беру 5 493 386,9 102,0 127,5 4,6
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 3 763 507,0 101,5 125,3 3,0
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 1 195 346,7 99,3 129,5 1,0
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 3 152 138,3 101,1 133,3 2,6
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 73 100,6 101,8 114,5 0,1
    Жалпы қосылған құн 111 719 925,7 104,9 111,4 92,7
    Өнімдерге салынатын таза салықтар 8 841 170,7 107,9 110,8 7,3
    Өнімдерге салынатын салықтар 9 180 745,3 107,6 109,7 7,6
    Өнімдерге салынатын субсидиялар 339 574,6 102,3 87,0 0,3

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 36,3% және 56,4% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 26,5% алып отыр.

    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1%-ға өсті. Құрылыс (13,3%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (11,3%), Ақпарат және байланыс (7,5%), Көлік және жинақтау (7,1%), Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету (5,4%) Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу (4,6%), салалары ең көп өсімді көрсетті.

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).

    2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2023 жылы (алдын ала деректер бойынша) жан басына шаққандағы ЖІӨ 13276,7 АҚШ долларын құрады.

    Динамикалық кестелер:
    Бақыланбайтын экономика

    2022 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ деңгейі 0,97%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 18,78% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі - 1,15%.

    Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (3,14%), Құрылыс (2,64% )және Көлік және қоймалау (2,54%), ең аз үлесін Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,04%),Өнер, ойын-сауық және демалыс(0,07%),Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (0,14%) салалары алды.

    Бақыланбайтын экономика динамикасы
    ЖІӨ-ден пайызбен
    2018 2019 2020 2021 2022
    Тауарлар өндіру 6,90 5,65 5,19 6,26 7,01
    Қызметтер өндіру 20,12 18,04 15,04 13,49 11,77
    Барлығы 27,02 23,69 20,23 19,75 18,78
    Динамикалық кестелер:
    Еңбек өнімділігі

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айдағы жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 7032,9 мың теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 2,5% өсуін көрсетті.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, С.О. Кішкенінова,
    Д.К.Ибраева
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    s.kishkeninova@aspire.gov.kz
    d.ibraeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші