Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Алматы қаласы
Хабарландырулар
27.03.2024
Хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! 

          Статистикалық жұмыстар Жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл Алматы қаласындағы жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 5 бабына сәйкес Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз. 

      Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саны, жұмысқа орналасудың түйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер Алматы қаласын жұмыспен қамту мен әлеуметтік дамуының әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады. 

Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары математикалық, әдіснамаға сәйкес кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды. Сіздерге сауалнамаға белсенді қатысуға және сұратылған қажетті ақпаратты беруді сенімді өтінішпен сұраймыз. Сауалнама нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты. Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы куәлік көрсетеді. 

Оның келу кезеңі интервьюердің жұмыс Кестесімен реттеледі. Толығырақ нақтылау және кеңес беру сипатындағы ақпаратты алу үшін 375-38-12 байланыс телефонына қонырау шалуға болады (Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті, еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы).

Түсініктік пен ынтымақтастығыңыз үшін Сізге рақмет!

Онлайн кеңесші