Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Жамбыл облысы
Хабарландырулар
08.01.2024
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру.

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі  Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ іріктемелі зерттеу үшін «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы » зерттеу сауалнамасы (Н-050 жылдық) және «Үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі »зерттеу сауалнамасы (Н-020 жылдық) бойынша интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды.

Зерттеу өткізу мерзімі : 2024 жылғы 16 - 30 қаңтар аралығында.

Лауазымдық міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;

- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;

- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;

- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша мына :Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18, №123 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 54-39-82. 

Онлайн кеңесші