Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Жамбыл облысы
Хабарландырулар
22.02.2023
Құрметті пайдаланушылар!
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша  департаменті» РММ іріктемелі зерттеу үшін  А-008 (тоқсандық) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» жалпы мемлекеттік статистикалық байқауы сауалнамасы бойынша интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды.
Зерттеу өткізу мерзімі – есепті кезеңнің 2023 жылғы 11- інен бастап 25наурыз, 11- інен бастап 25 маусым, 11- інен бастап 25 қыркүйек, 11- інен бастап 25 желтоқсан аралықтарындағы кезең.
Лауазымның міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №314 кабинеті мекен-жайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-65-87.
Онлайн кеңесші