Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Жамбыл облысы
Хабарландырулар
05.03.2024
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі»  статистикалық байқауы бойынша  зерттеу жүргізу үшін интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды:
Зерттеу өткізу мерзімі – 2023 жылғы 1 сәуірден 15 мамырға дейін.

Қойылатын талаптар: Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.

Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы сауалнаманы жүзеге асыру және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына жазу;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау барысында және байқау аяқталғаннан кейін алынған алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №208 кабинет мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-74-34. 

Онлайн кеңесші