Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Жамбыл облысы
Хабарландырулар
12.07.2023
Жамбыл облысының статистика департаменті интервьюерлерді жұмысқа қабылдайды

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша  департаменті» РММ Жамбыл облысы бойынша «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» А-060 (жартыжылдық) статистикалық зерттеу жүргізу үшін Тараз қаласы бойынша 3 адамнан тұратын интервьюерлер (ақылы қызметтер көрсету шарттары бойынша тартылған қызметкерлерді) қабылдайтынын хабарлайды. Зерттеу өткізу мерзімі 2023 жылғы 21-30 шілде аралығы.

Лауазымдық міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтырып зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18,  №123 кабинет  мекен-жайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 54-39-82.

Онлайн кеңесші