Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    23 190 740,7 млн.
    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы жалпы ішкі өнім түпкілікті тұтыну әдісімен (есепті деректер бойынша) 23190740,7 млн.теңгені құрады.
    5%
    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 5%-ға өсті.
    23 582 637,0 млн.
    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ өндіріс әдісімен (есепті деректер бойынша) 23582637,0 млн. теңгені құрады.

    Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық 391896,3 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 1,7% -ын құрады.

    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ
    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы түпкілікті тұтыну әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағада, млн. теңге Өткен жылға, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Түпкілікті тұтынуға шығыстар 14 607 113,1 109,5 119,4 62,9
    үй шаруашылықтарының 11 497 351,2 109,8 120,0 49,5
    мемлекеттік басқару органдарының 2 848 230,5 108,4 117,0 12,3
    жеке тауарлар мен қызмет
    көрсетулерге
    1 531 290,0 100,2 115,4 6,6
    ұжымдық қызмет көрсетулерге 1 316 940,5 120,3 119,0 5,7
    үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың 261 531,4 105,0 120,0 1,1
    Жалпы қорланым 6 154 240,7 129,8 125,4 26,5
    негізгі капиталдың жалпы қорланымы 5 168 828,5 128,1 124,1 22,3
    материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі 985 412,2 - 132,8 4,2
    Таза экспорт 2 429 386,9 - - 10,6
    тауарлар мен қызмет көрсету экспорты 9 664 056,7 104,0 99,9 41,8
    тауарлар мен қызмет көрсету импорты 7 234 669,8 131,9 109,1 31,2
    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім 23 190 740,7 105,0 114,9 100,0
    Өндіріс әдісімен есептелген
    жалпы ішкі өнім
    23 582 637,0 105,0 114,9 -
    Статистикалық алшақтық* 391 896,3 - - -
    *Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.

    2023 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстардың үлесі 62%, жалпы қорланым – 26,1%, таза экспорт – 10,2% құрады.

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ-ге таза экспорттың үлесі айтарлықтай төмендеді (-11,6 %-ға).

    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ құрылымы
    пайызбен
    2023ж. қаңтар-наурыз

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 9,8%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті бойынша нақты мәнде 9,5%-ға өсу байқалады.

    Жалпы қорланым өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,8 %-ға өсуді көрсетті.

    Түпкілікті пайдалану әдісімен компоненттердің ЖІӨ НКИ
    өткен жылға пайызбен
    2023ж. қаңтар-наурыз
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.

    Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    А.С. Исабекова, Серік Д.Ә.
    Тел. +7 7172 74 97 92
    E-mail: aig.isabekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші