Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға облыс халқының саны 2143,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 529,6 мың адам (24,7%), ауылдықтар – 1613,9 мың адам (75,3%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 7369 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7199 адам).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда жаңадан туылғандар алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 3%, өлгендер 5,9% артық тіркелді.

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 5820 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда -2034 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 94 адам оң көші-қон айырмасы (63 адам), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – 5914 (-2097 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 41,7 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 5% құрады.

2024 жылғы 1 сәуірге жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 34401 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,1% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 278894 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 15,9% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 104,6% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 103516 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 18,3% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 6,8%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 274294,2 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 7,1% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 14,8% өсті, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 0,4%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 10,3% кеміді.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 128787,7 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 101,2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 5796,3 млн. ткм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 96,4% құрады.

Жолаушы айналымы 376,2 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 106% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 36667 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 108,8% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 25% өсіп, 150,3 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 19,3 есе (19 мың шаршы метр), жеке тұрғын үйлер – 9% (130 мың шаршы метр).

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 132265,5 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 131% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 18028 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 5,4% өсті, оның ішінде 250 адамнан жоғары қызметкерлері барлар 109 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 16267 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 15612 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 14193 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6% өсті.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2699012 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 2% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 35,7%, қызметтер көрсету – 55,9% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың наруызында 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,7% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 1,4% өсті.

2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың наурызында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,6% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 59632,1 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1% артық.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 27312,7 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,6% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 31,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 10,3% көбейді, оның ішінде экспорт – 10 млн. АҚШ долларын (28% азайды), импорт – 21,1 млн. АҚШ долларын құрады (47,5% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Хабарландыру
    12.04.2024

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы сұхбатшылардың тізімі

  • Хабарландыру
    26.12.2023

    ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика  бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті  РММ Халықтың тұрмыс деңгейі статистикалық байқауын бойынша Түркістан қаласы...

Онлайн кеңесші