Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға облыс халқының саны 697,1 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 311,0 мың адам (44,6%), ауылдықтар – 386,1 мың адам (55,4%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар - ақпанда 1275 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1215 адам).

2024 жылғы қаңтар - ақпанда туылғандар саны 2165 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар - ақпанға сәйкес 3,6% көбейді), қайтыс болғандар саны 890 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар - ақпанға сәйкес 1,8% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 2153 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар - ақпанда  -1123 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – +63 адам оң көші-қон айырмасы (+16), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -2216 (-1139 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 14980 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2024 жылдың 1 сәуірде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 17185 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,5% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 288182 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 10,6% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 103,8% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 127446 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 18,1%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 106,6%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 67 793,9 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,2% жоғары.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 194,2% өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 6,0% төмендеді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 5,9%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 20,7% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызға ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 42690,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 101,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 2 786,6 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 80,8% құрады.

Жолаушы айналымы 138,7 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 87,8% құрады

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 18 514,2 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 271,6% құрады.            

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 28,8% өсіп, 50,9 мың шаршы метрді құрады олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 188,4% (21,8 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 4,1% (29,1 мың шаршы метр) өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 40 174,2 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 142,0% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірге жағдай бойынша 8 221 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2,1% үлғайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 7 991 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6 605 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 6 376 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 6 153 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,1% үлғайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 113,4% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1207954,8 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 15% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 37,4%, қызметтер көрсету – 54,3% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың наурызын 2023 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 102,7% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы – 3,3%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,0%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 3,6% өсті.

2024 жылдың наурызын  2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда  өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 1,7% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 56 603,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 132,3%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 78 819,0 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 20 495,8 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 26,2% азайды, оның ішінде экспорт – 13 444,3 мың АҚШ долларын (23,8% азайды), импорт – 7 051,5 мың АҚШ долларын құрады (30,4% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    22.04.2024

    2024 жылғы сәуірдегі 2-сауда «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (айлық) статистикалық нысаны бойынша кәсіпорындарға іріктемелі статистикалық зерттеу. Ұсыну мерзімі ...

  • Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің интервьюерлердің бос орындарына хабарландыру
    08.01.2024

    «Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы» және «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы»...

Онлайн кеңесші