Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 наурызға облыс халқының саны 726,6 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 484 мың адам (66,6%), ауыл тұрғындары – 242,6 мың адам (33,4%).

Халықтың табиғи кемуі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда -3 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде халықтың табиғи өсімі 83 адамды құрады).

2024 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 1457 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 2% көбейді), қайтыс болғандар саны 1460 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға сәйкес 8,5% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және -470 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанда – -255 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -18 адам теріс көші-қон айырмасы (29), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -452 (-284 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 17,7 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.

2024 жылдың 1 сәуірде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 8527 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,2% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 373984 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 15,5% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 104,5% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 218530 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 18,5%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 107,2%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 650411,9 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 8,7% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 17,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 6,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 11,4%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 5% өсті.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлемі 50687,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 101,7% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 1641,7 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 86,6% құрады.

Жолаушы айналымы 408,5 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 89,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 40302,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 114,2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3,4% өсіп, 65,3 мың шаршы метрді құрады. Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 14,9% (19,2 мың шаршы метр) өсті.

2024 жылғы қаңтарда-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 106244,4 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 89,3% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 14961 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,6% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14605 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11614 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 11260 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12 205 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,2% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 3123022,1 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 50,2%, қызметтер көрсету – 41,5% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың наурызда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,2% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,3%, азық-түлік емес тауарлардың – 2,3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 5,7% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың наурызда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,2% арзандады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 241596,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 158318,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,9% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 185,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 33,7% азайды, оның ішінде экспорт –78,0 млн. АҚШ долларын (5,5% азайды), импорт – 107,5 млн. АҚШ долларын құрады (45,5% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    22.04.2024

    2024 жылғы сәуірдегі 2-сауда «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (айлық) статистикалық нысаны бойынша кәсіпорындарға іріктемелі статистикалық зерттеу. Ұсыну мерзімі ...

  • Құрметті респонденттер!
    21.02.2024

    «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті» РММ 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 10-00 ZOOM...

Онлайн кеңесші